Ерсін Ерік «Реалды» қор қылды. Тауық сойса да қасап сойсын. Саусақ пен тіл үйлескенде…

Санатәлі Төлтаев әлем чемпионатын жеңіспен бастады

05.12.2025, 20:13

Замбия өкілі Джеральд Кабиндамен кездесті

Санатәлі Төлтаев әлем чемпионатын жеңіспен бастады
Фото: instagram.com/boxingkazakhstan

Қазақстандық боксшы Санатәлі Төлтаев Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) ұйымдастырған 2025 жылғы әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегін өткізді. Турнир Дубайда (БАӘ) өтіп жатыр.

67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 1/16 финалда ол Замбия өкілі Джеральд Кабиндамен кездесті. Үздіксіз шабуыл алмасқан айқаста Төлтаев төрешілер шешімімен жеңіске жетті - 4:1.

Осы нәтижеден кейін 2019 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері және 2025 жылғы Қазақстан чемпионы келесі кезеңге жолдама алды. Ал оның қарсыласы әлемдік сынның осы кезеңінде жарыс жолын аяқтады.

Әлем чемпионаты-2025 13 желтоқсанға дейін жалғасады. Турнирдің жалпы жүлде қоры – 8,32 миллион доллар.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам