Ерсін Ерік «Реалды» қор қылды. Тауық сойса да қасап сойсын. Саусақ пен тіл үйлескенде…

Сәкен Бибосынов қарсыласын айқын басымдықпен жеңді

06.12.2025, 22:14

Бибосынов – әлем біріншілігіне фаворит ретінде келген боксшылардың бірі. 

Сәкен Бибосынов қарсыласын айқын басымдықпен жеңді
ҚР ҰОК

Қазақстандық танымал боксшы Сәкен Бибосынов Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) ұйымдастырып жатқан 2025 жылғы әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегін өткізді. Турнир Дубайда (БАӘ) өтіп жатыр.

54 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасатын Бибосынов Ботсвана өкілі Катлего Кеорапецені тас-талқан етіп ұтты. Олимпиада ойындарының жүлдегері, әлем чемпионы Сәкен – осы салмақтағы көшбасшы боксшылардың бірі. Бұл біріншілікке де ол чемпион атану үшін келгені анық. Солай болсын деп тілейік.

Сәкен жекпе-жек басталысымен толық бақылауда ұстап, төрешілердің ортақ шешімімен жеңді. 

Бүгін шаршы алаңға төрт боксшымыз шығады. Сәкеннің алдында Сабыржан Аққалықов пен Даниял Сәбит жеңіске жеткен. Ал Серік Теміржанов үшінші жарыс күнін қорытындылайды. 

Әлем чемпионаты-2025 13 желтоқсанға дейін жалғасады. Турнирдің жалпы жүлде қоры – 8,32 миллион доллар.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам