Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Абылайхан Жүсіпов сенімді түрде жеңіске жетті

08.12.2025, 00:30

7 желтоқсанда үш боксшымыз шаршы алаңға шықты. 

Абылайхан Жүсіпов сенімді түрде жеңіске жетті
ҰОК

7 желтоқсанда Дубайдағы әлем чемпионатында шаршы алаңға соңғы болып шыққан Абылайхан Жүсіпов қарсыласынан басым түсті.

71 келіде өнер көрсететін тәжірибелі былғары қолғап шебері армян боксшысы Арарат Арутюнянның мысын басты.

Осылайша, Қазақстан құрамасы сапында әзірге он бірінші боксшы жеңіске жетіп отыр.

Айта кетейік, әлем чемпионаты 13 желтоқсанға дейін жалғасады. Турнирдің жалпы жүлде қоры – 8,32 миллион доллар.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 1
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам