Ол үндістандық Девендра Сингх Саландипен кездеседі
Халықаралық бокс ассоциациясы (IBA) ұйымдастырып жатқан әлем чемпионатында бүгін, 8 желтоқсанда, Қазақстан құрамасынан жеті боксшы кезекті жекпе-жектерін өткізеді. Турнир Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында өтіп жатыр.
67 келі: Санатәлі Төлтаев – Касио Сантос Оливьера (Бразилия)
80 келі: Ерасыл Жақпеков – Джамбулат Бижамов (Ресей)
92 келі: Нурмагамед Юсупов – Энмануэль Рейес (Испания)
92 келіден жоғары: Нұрлан Сапарбай – Иман Рамизанпурделвар (IBA-PRO)
48 келі: Теміртас Жүсіпов – Девендра Сингх Саланди (Үндістан)
75 келі: Сабыржан Аққалықов – Таухиримати Тохерири-Халлит (Жаңа Зеландия)
60 келі: Серік Теміржанов – Эндрю Чилата (Замбия)
IBA әлем чемпионаты 3–13 желтоқсан аралығында өтеді. Қатысушылар 13 салмақ дәрежесінде бақ сынайды. Жүлде қоры — бокстағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі:
Чемпион – 300 000 доллар
Күміс жүлдегер – 150 000 доллар
Қола жүлдегер – 75 000 доллар
Ширек финал – 10 000 доллар
Қазақстан құрамасы әзірге сәтті өнер көрсетіп, фавориттердің бірі ретінде жарысты жалғастырып жатыр.