Осылайша, ол ширек финалға шықты.
Қазақстандық боксшы Ертуған Зейнуллинов Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) ұйымдастырып жатқан 2025 жылғы әлем чемпионатының ширек финалына шықты.
Әлем чемпионатының 1/8 финалында жерлесіміз IBA-PRO атынан бокстасатын Хосе Мануэль Агуйре Крузпен жұдырықтасты. 63,5 келі салмақта өткен бәсекеде жерлесіміз төрешілердің ортақ шешімімен жеңіске жетті.
Агуйре – кәсіпқой бокста бақ сынап жүрген былғары қолғап шебері, рекорды – 21-0. Бірақ олардың бәрі бірдей мықты деп айта алмайсың. Оның үстіне жасы 37-де. Соңғы уақытта көбірек промоутер болып жұмыс істеп жүр. Ал оның бұған дейінгі қарсыласы Джоэль Флорес шаршы алаңға шыққан жоқ.
Бұған дейін 54 келі салмақта Сәкен Бибосынов танзаниялық Факи Исса Факиді айқын басымдықпен жеңді.