Ерсін Ерік «Реалды» қор қылды. Тауық сойса да қасап сойсын. Саусақ пен тіл үйлескенде…

Қазақстандық тағы бір боксшы әлем чемпионатында жеңіліс тапты

09.12.2025, 20:36

Ол жарыстан шығып қалды. 

Қазақстандық тағы бір боксшы әлем чемпионатында жеңіліс тапты
Автор

Дубайда (БАӘ) Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) ұйымдастыруымен өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан ұлттық құрама командасында тағы боксшы жеңіліс тапты.

86 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 1/8 финалға жолдама алған қазақстандық боксшы Дәулет Төлемісов Өзбекстанның әлем чемпионымен жұдырықтасып, төрешілердің ортақ шешімімен (0:5) жеңілді. Жекпе-жектің алғашқы екі раундында рефери қазақстандық боксшыға нокдаун есептеді. Осылайша, Төлемісов турнирдегі жорығын тоқтатты, ал өзбек боксшысы келесі кезеңге өтті.

Жалпы, Дәулет Төлемісов пен Акмалжон Исроилов бұған дейін де кездесіп, ол кезде қазақстандық боксшы үстем түскен еді.

Айта кетейік, бұған дейін жарысты Ерасыл Жақпеков (80 кг) пен Нурмагамед Юсупов (92 кг) мерзімінен бұрын аяқтаған еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам