Даниял Сәбит қарсыласының адымын аштырмады.
9 желтоқсанда шаршы алаңға жерлестеріміздің арасынан төртінші болып шыққан 51 келідегі Даниял Сәбит қарсыласын еш қиындықсыз ұтты.
Дубайда өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/8 финалында Сәбит Кабо-Верде өкілі Леник Фернандесті жеңіп, келесі айналымға өтті – 5:0.
Бұған дейін 54 келі салмақта Сәкен Бибосынов танзаниялық Факи Исса Факиді айқын басымдықпен жеңсе, 63,5 келі салмақта күш сынасқан Зейнуллинов IBA-PRO лигасының өкілі Хосе Мануэль Агуйре Круздан үстем түсіп, ширек финалға жолдама алды.
Сондай-ақ 8 желтоқсанда Теміртас Жүсіпов (48 кг), Серік Теміржанов (60 кг), Санатәлі Төлтаев (67 кг), Сабыржан Аққалықов (75 кг) және Нұрлан Сапарбай (92+ кг) да 1/8 финалдан сүрінбей өткен болатын. Ал Ерасыл Жақпеков (80 кг), Дәулет Төлемісов (86 кг) пен Нурмагамед Юсупов (92 кг) өз жолын осы кезеңде аяқтады.