Ерсін Ерік «Реалды» қор қылды. Тауық сойса да қасап сойсын. Саусақ пен тіл үйлескенде…

Бүгін Қазақстанның10 боксшысы жартылай финалдың жолдамасын сарапқа салады

10.12.2025, 10:22

1/8 финалында Ерасыл Жақпеков (80 келі), Дәулет Төлемісов (86 келі), Нурмагамед Юсупов (92 келі) қарсыластарына есе жіберді

Бүгін Қазақстанның10 боксшысы жартылай финалдың жолдамасын сарапқа салады
Қазақстан бокс федерациясы

Халықаралық бокс ассоциациясы (IBA) аясында Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан әлем чемпионатында 10 желтоқсанда ширек финалда ел құрамасынан он боксшы шаршы алаңға шығады.

Қазақстандық боксшылардың қарсыластары төмендегідей:

Күндізгі сессия (18:00)

48 келі: Теміртас Жүсіпов – Лал Прасад Упрети (Непал)

54 келі: Сәкен Бибосынов – Муенго Муале (Замбия)

60 келі: Серік Теміржанов – Акмал Убайдов (Тәжікстан)

67 келі: Санатәлі Төлтаев – Асахужа Муйдинхужаев (Өзбекстан)

75 келі: Сабыржан Аққалықов – Мирослав Капулер-Ищченко (Израиль)

92 келіден жоғары: Нұрлан Сапарбай – Давид Чалоян (Армения)

Кешкі сессия (22:00)

51 келі: Даниял Сәбит – Патрик Чинемба (Замбия)

57 келі: Оразбек Асылқұлов – Карлос Мартиес Бернанд (Испания)

63,5 келі: Ертуған Зейнулинов – Ахмад Штиуи (Израиль)

71 келі: Абылайхан Жүсіпов – Сархан Алиев (Әзербайжан)

Айта кетейік, әлем чемпионаты 1/8 финалында Ерасыл Жақпеков (80 келі), Дәулет Төлемісов (86 келі), Нурмагамед Юсупов (92 келі) қарсыластарына есе жіберді.

 

 

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам