Ол үндістандық қарсыласын айқын басымдықпен жеңді.
Бүгін Дубайда бокстан әлем чемпионатының ширек финалдық айқастары басталды.
Шаршы алаңға бірінші болып 48 келідегі Теміртас Жүсіпов шықты. Жерлесіміздің қарсыласы непалдық Лал Прасад Упрети болды. 37 жастағы тәжірибелі боксшы қарсыласын тас-талқан етіп ұтты.
Бұған дейін Теміртас 1/8 финалда үндістандық Девендра Сингх Соланкиден төрешілердің ортақ шешімімен жеңіске жеткен.
Осылайша, Теміртас жартылай финалға өту арқылы кем дегенде қола медаль еншілейді.
Жүсіповтен бөлек бүгін тағы 9 боксшымыз рингке шығады.
Олар:
54 кг: Сәкен Бибосынов – Мвенго Мвале (Замбия)
19:00 – 60 кг: Серік Теміржанов – Акмал Убайдов (Тәжікстан)
19:30 – 67 кг: Санатәлі Төлтаев – Асадхужа Муйдинхужаев (Өзбекстан)
20:15 – 75 кг: Сабыржан Аққалыков – Мирослав Капулер-Ищенко (Израиль)
21:15 – 92+ кг: Нұрлан Сапарбай – Давит Чалоян (Армения)
22:15 – 51 кг: Даниял Сәбит – Патрик Чиньемба (Замбия)
22:30 – 57 кг: Оразбек Асылқұлов – Карлос Мартинес Бернад (Испания)
23:15 – 63,5 кг: Ертуған Зейнуллинов – Ахмад Штиви (Израиль)
23:45 – 71 кг: Абылайхан Жүсіпов – Сархан Әлиев (Әзербайжан).