Ерсін Ерік «Реалды» қор қылды. Тауық сойса да қасап сойсын. Саусақ пен тіл үйлескенде…

Қазақстандық боксшы ширек финалда сүрінді

10.12.2025, 19:23

Ол жарыс жолынан шығып қалды. 

Қазақстандық боксшы ширек финалда сүрінді
Автор

Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) ұйымдастырған әлем чемпионатының ширек финалында қазақстандық боксшы Серік Теміржанов жеңіліп қалды.

60 келі салмақ дәрежесінде жартылай финал жолдамасы үшін өткен кездесуде Теміржанов тәжікстандық Акмал Убайдовпен шаршы алаңға шықты. Үш раунд қорытындысы бойынша төрешілер Убайдовты жеңімпаз деп тапты. Ал екінші раундта Серік нокдаун алды.

Осылайша, ол IBA әлем біріншілігінде ширек финалдан өте алмаған Қазақстан құрамасының алғашқы боксшысы атанды.

Айта кетейік, Серік Теміржанов – 2021 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері және 2022 жылғы Азия чемпионы. Биылғы дүбірлі додада ол алғашқы айналымда моңғолиялық Цэндбаатар Эрдэнэбатысты ұтса, 1/8 финалда замбиялық Эндрю Чилатуды нокаутпен жеңген болатын.

IBA әлем чемпионаты 3 желтоқсанда басталды. Дүниежүзілік додаға 118 елден боксшылар қатысуда, жарыстың жүлде қоры – 8,32 миллион доллар.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам