Ол жарыс жолынан шығып қалды.
Қазақстандық боксшы Санатәлі Төлтаев Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан IBA нұсқасындағы 2025 жылғы әлем чемпионатының ширек финалдық жекпе-жегін өткізді.
67 келі салмақ дәрежесінде жартылай финалға жолдама үшін Төлтаев Токио-2024 Олимпиадасының чемпионы, өзбекстандық Асадхужа Муйдинходжаевпен қолғап түйістірді. Айқас барысында қазақстандық боксшының қастан алған жарақатына байланысты рефери жекпе-жекті екі рет тоқтатуға мәжбүр болды. Үш раунд қорытындысында қазылар алқасы 4:1 есебімен жеңісті Муйдинходжаевқа берді. Осылайша өзбек боксшысы кем дегенде әлем чемпионатының қола жүлдесін қамтамасыз етті.
Санатәлі Төлтаев – қазақстандық бокстың жарқын өкілдерінің бірі. 2025 жылы ол Эр-Риядта өткен WBC/Riyadh Season Grand Prix кәсіби турниріне қатысып, ширек финалда жеңіліс тапқан еді. Сондай-ақ ол – 2025 жылғы Қазақстан чемпионы.
Ал Асадхужа Муйдинходжаев – Париж-2024 Олимпиадасының жеңімпазы, сондай-ақ 2023 және 2025 жылдардың екі дүркін әлем чемпионы.
Еске сала кетейік, IBA әлем чемпионаты 3 желтоқсанда Дубайда басталды. Жүлде қоры 8,32 миллион долларды құрайтын ірі жарысқа әлемнің 118 елінен боксшылар қатысуда.