Бүгін финалға шығу үшін Қазақстанның тағы бес боксшысы жекпе-жекке шығады
Қазақстандық боксшы Сабыржан Аққалықов Дубайда өтіп жатқан IBA әлем чемпионатында финалға жолдама алды.
75 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Сабыржан жартылай финалда өзбекстандық Фазлиддин Эркинбоевпен жұдырықтасуы тиіс болған. Алайда қарсыласы жекпе-жекке шығудан бас тартты. Осылайша Аққалықов айқассыз-ақ финалға өтті.
Ал ширек финалда Аққалықов Израиль боксшысы Мирослав Капулер-Ищенкомен кездесіп, екінші раундта техникалық нокаутпен айқын жеңіске жеткен болатын.
Сабыржан Ақққалықов – World Boxing кубогының жеңімпазы және беделді «Странджа» турнирінің чемпионы.
Бүгін финалға шығу үшін Қазақстанның тағы бес боксшысы жекпе-жекке шығады.