Ерсін Ерік «Реалды» қор қылды. Тауық сойса да қасап сойсын. Саусақ пен тіл үйлескенде…

Дубайдағы әлем чемпионаты: Түркімен боксшылары тарихи нәтиже тіркеді

11.12.2025, 14:56

Түркіменстан құрамасы Дубайға 3 боксшымен барған

Дубайдағы әлем чемпионаты: Түркімен боксшылары тарихи нәтиже тіркеді
tmcars.info

Бокстан Дубайда өтіп жатқан әлем чемпионатында Түркіменстан бокс тарихы үшін айтулы оқиға тіркелді. ІВА ұйымдастырған біріншілікте аталған елдің боксшылары ересектер арасында алғаш рет жартылай финалға өтіп, жүлдегерлер қатарына еніп отыр.

Түркіменстан құрамасы Дубайға 3 боксшымен барған. Олардың ішінде 71 салмақта Байрамдурды Нурмухамедов жартылай финалға шықты. Енді ол финал жолдамасын ресейлік Сергей Колденковпен сарапқа салады.

Сондай-ақ, Қырғызстан боксшылары арасынан 2 спортшы жартылай финалға жеткен. Бұл спортшылар қырғыз спортындағы кезекті рекордты тіркеді. Көрші ел бокс тарихында әлем чемпионатының алғашқы жүлдегері 2023 жылы Ташкентте өткен біріншілікте тіркелген еді.

Айта кететін жайт, бокстан ҚР ұлттық құрамасы сапында 7 боксшы жеңіліп, жартылай финалға тек алты боксшы өтіп отыр. Олардың арасында Абылайхан Жүсіпов (71 кг) әлем біріншілігінде төртінші мәрте жүлдеге ие болмақ. Ол осыған дейін үш чемпионатта (2017, 2019, 2021 ж) қола жүлде иеленді.

ІВА Дубайда өткізетін әлем біріншілігі 13 желтоқсанда аяқталады. Сондай-ақ, бұл сында Африка құрлығынан Мали мен Замбия боксшылары жүлде иелену мүмкіндігіне ие болды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам