Ерсін Ерік «Реалды» қор қылды. Тауық сойса да қасап сойсын. Саусақ пен тіл үйлескенде…

Әлем чемпионаты: төрешілер Зейнуллиновтің жекпе-жегінің тағдырын шешті

11.12.2025, 23:41

Ол жарыс жолын аяқтады. 

Әлем чемпионаты: төрешілер Зейнуллиновтің жекпе-жегінің тағдырын шешті
Автор

Қазақстандық боксшы Ертуған Зейнуллинов Дубайда өтіп жатқан IBA әлем чемпионатының жартылай финалында рингке шықты.

63,5 келі салмақ дәрежесінде финал жолдамасы үшін өткен жекпе-жекте ол ресейлік Илья Поповпен кездесті. Үш раундқа созылған айқастан кейін төрешілердің басым бөлігі ресейлікті жеңімпаз деп тапты ­- 4:3. Әйтпесе Зейнуллинов айқас бойы ширақ қимылдап, қарсыласына соққыларын бірінен соң бірін дарытып та үлгерді.

Осылайша, Ертуған Зейнуллинов әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды, ал Илья Попов финалға жолдама алды.

Айта кетейік, Зейнуллинов – 2025 жылғы «Странджа» халықаралық турнирінің жеңімпазы және Астанада өткен Әлем кубогы кезеңінің қола жүлдегері.

IBA әлем чемпионаты 13 желтоқсанда аяқталады. Турнирдің жалпы жүлде қоры - 8,32 миллион доллар.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам