Ерсін Ерік «Реалды» қор қылды. Тауық сойса да қасап сойсын. Саусақ пен тіл үйлескенде…

Төрехан Сабырхан киноға түсіп жатқанын мәлімдеді

15.12.2025, 22:04

Боксшы жанкүйерлеріне тың жаңалығын бөлісті

Төрехан Сабырхан киноға түсіп жатқанын мәлімдеді
©Тұрар Казангапов, Vesti.kz

Бокстан әлем чемпионы Төрехан Сабырхан жанкүйерлеріне тың жаңалығын бөлісті.

Спортшының сөзінше, ол отандық фильмнің бір эпизодына түскен. Бұл туралы шымкенттік спортшы желідегі парақшасында бейнежазба жариялады.

«Жақында кино шығады. Сіздерді кинотеатрда күтемін» , - деп жазды боксшы.

Айта кетейік, Төрехан Сабырхан биыл қыркүйек айында Ливерпульде өткен әлем чемпионатында 70 келіде топ жарды. Аталған сында оның туған ағасы Махмұд Сабырхан да үздік атанды.

Ол былтыр Қарағандыда өткен ел чемпионатында топ жарған болатын. Оның салмағында өнер көрсететін Абылайхан Жүсіпов өткен аптада аяқталған ІВА әлем чемпионатында алтын медаль иеленді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам