Ерсін Ерік «Реалды» қор қылды. Тауық сойса да қасап сойсын. Саусақ пен тіл үйлескенде…

«Құлағын тістеп алды». Умар Кремлев өзбек боксшысына қатысты мәлімдеме жасады

Бүгін, 10:24

Өзбекстан  Қазақстанды басып озып, медальдық есепте алға шығуы мүмкін

«Құлағын тістеп алды». Умар Кремлев өзбек боксшысына қатысты мәлімдеме жасады
Фото: Boxing Uzbekistan

Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) президенті Умар Кремлёв 2025 жылғы бокстан әлем чемпионатының финалында болған даулы жағдайға байланысты ресми мәлімдеме жасады.

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен финалда ресейлік Всеволод Шумков Париж-2024 Олимпиадасының чемпионы,  өзбекстандық Абдумалик Халоковты жеңіп, алтын медаль иеленген болатын. Алайда жекпе-жек барысында Шумковтың қарсыласының құлағын тістеп алған сәті үлкен дау тудырды.

Кремлёвтің айтуынша, бұл жағдай IBA-ның медициналық және тәртіптік комиссияларының бақылауында:

«Халоков пен Шумков арасындағы жекпе-жекке қатысты жағдай толықтай IBA бақылауында. Барлық қажетті медициналық және тәртіптік шаралар жүргізіледі. Эмоцияға берілмей, ресми қорытындыны күтуге шақырамын. Қабылданатын шешім әділ әрі бейтарап болады, ең алдымен боксшылардың мүддесі ескеріледі», – деп жазды Умар Кремлёв өзінің Telegram-арнасында.

Айта кетейік, 2025 жылғы IBA аясындағы әлем чемпионаты Дубай қаласында өтті. Медальдық есепте Қазақстан құрамасы 3 алтын, 1 күміс және 2 қола жүлдемен екінші орын алды. Бірінші орынды 7 алтын, 5 күміс және 1 қоламен Ресей құрамасы иеленсе, үздік үштікті 2 алтын, 4 күміс және 3 қоласы бар Өзбекстан командасы түйіндеді.

Егер Шумков – Халоков жекпе-жегінің нәтижесі жойылып, жеңіс өзбекстандық боксшыға берілсе, Өзбекстан құрамасы алтын жүлделер саны бойынша  теңесіп, күмістердің саны бойынша Қазақстанды басып озып, медальдық есепте алға шығуы мүмкін.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам