Кроуфорд кәсіпқой бокстағы жолын 2008 жылы бастаған
Кәсіпқой бокста жеңілмеген әлем чемпионы, супер орта салмақта өнер көрсеткен Теренс Кроуфорд сейсенбі күні бокстағы мансабын аяқтағанын мәлімдеді.
АҚШ-тың Небраска штатында тұратын 38 жастағы боксшы қыркүйек айында Лас-Вегаста өткен жекпе-жекте мексикалық Канело Альваресті айқын басымдықпен жеңіп, супер орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағын иеленген еді.
Кроуфорд өз шешімін әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазба арқылы хабарлады.
«Бұл менің жұдырықтасуды қойғаным емес, басқа бір деңгейдегі шайқаста жеңіске жеткенімнен болған шешім. Бұл – бокстағы мансапты өз шарттарыңмен аяқтау», – деп жазды Кроуфорд.
Кроуфорд (42-0, 31 нокаут) өз мансабын Канело Альваресті төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңгеннен кейін WBA, IBF және WBO тұжырымдары бойынша супер орта салмақтағы әлем чемпионы ретінде аяқтап отыр.
Ол бұған дейін WBC супер орта салмақтағы белбеуіне де ие болған, алайда осы айдың басында санкциялық жарнаға қатысты даудан кейін ол атақтан айырылған болатын.
Кроуфорд кәсіпқой бокстағы жолын 2008 жылы бастап, аз уақыттың ішінде бокстың ең танымал жұлдыздарының біріне айналған спортшы.