Ерсін Ерік «Реалды» қор қылды. Тауық сойса да қасап сойсын. Саусақ пен тіл үйлескенде…

Майк Тайсон жеңе алмаған блогерді Энтони Джошуа ұрып құлатты (ВИДЕО)

Бүгін, 11:23

Соққының ауыр болғаны сонша, Джейк Пол орнынан тұра алмады

Майк Тайсон жеңе алмаған блогерді Энтони Джошуа ұрып құлатты (ВИДЕО)
Carmen Mandato/Getty Images for Netflix

Майамидегі «Касейя Центр» аренасында өткен кәсіпқой бокс кешінде британдық даңқты Энтони Джошуа америкалық боксшы-блогер Джейк Полмен жұдырықтасып, нокаутпен жеңіске жетті.

Пол блогер болғанымен, бірнеше жыл қатарынан кәсіпқой бокста өнер көрсетіп келеді. Соңғы рет ол былтыр қараша айында әйгілі Майк Тайсонмен рингке шығып, төрешілер шешімімен жеңіске жеткен болатын. 

Ал, бүгін оның жолы болмады. 36 жастағы Джошуа алтыншы раундта Полды ауыр соққысымен сұлатып түсірді. Төреші алдымен нокдаун ашқанымен, америкалық блогер орнынан тұра алмады.

Осылайша, Энтони Джошуа кәсіпқой бокстағы 29-жеңісіне қол жеткізді. Сондай-ақ, оның төрт жеңілісі бар. Әуесқой бокста Лондон Олимпиадасының чемпионы болған.

Ал, 28 жастағы Джейк Пол болса екінші рет жеңіліп отыр. Ол бұған дейін 12 рет жеңіске жеткен.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам