Ерсін Ерік «Реалды» қор қылды. Тауық сойса да қасап сойсын. Саусақ пен тіл үйлескенде…

«Қазақ боксшысының жеңісін тартып алды»: нокдаунға түскен ресейлік өзін қалай ақтады

23.12.2025, 09:17

Барлығы әділ болды, бауырым. Жеңіске лайықты болдың

«Қазақ боксшысының жеңісін тартып алды»: нокдаунға түскен ресейлік өзін қалай ақтады
©IBA

Дубайда IBA ұйымдастыруымен өткен бокстан әлем чемпионатындағы ең даулы жекпе-жектердің бірі әлі де қызу талқыланып жатыр. 80 келі салмақтағы 1/8 финалда қазақстандық Ерасыл Жақпеков пен ресейлік Джамбулат Бижамов арасындағы кездесу нәтижесін отандық жанкүйерлер «әділетсіз» деп бағалаған болатын.

Себебі айқастың екінші раундынан соң есеп тең болған. Ал шешуші үшінші раундта Бижамов нокдаунға түскеніне қарамастан, төрешілер жеңісті ресейлік боксшыға берді. Кейіннен Бижамов турнирде топ жарып, әлем чемпионы атанды.

Ресейлік боксшы ұлттық құрамадағы серіктестерімен бірге подкастқа қатысып, сол жекпе-жекте жеңгеніне сенімді екенін айтты.

«Бірінші раундты анық ұттым. Екінші раундта да бәрі ойдағыдай деп ойладым, бірақ 3:2 есебімен қарсыласқа берді. Үшінші раундтың басында соққы өткізіп алдым, бірақ…», – деді Бижамов.

Оның айтуынша, жағдайдың ушығуына қарсыластың әрекеттері әсер еткен.

«Шынымды айтсам, екінші раундта желкеден көп соққы алдым, соның бәрі жиналып қалды. Сәл теңселіп кеттім, бірақ бірден өзімді қолға алдым. Алға шығып, бірінші нөмірмен шабуылдадым. Ал қарсылас тек клинчке кіріп отырды. Сондықтан өзімді бұл жекпе-жекте жеңдім деп санаймын», – деп мәлімдеді ол.

Подкаст барысында 60 келіде өзбекстандық Абдумалик Халоковпен даулы финал өткізген Всеволод Шумков әріптесінің сөзін қостай кетті.

«Барлығы әділ болды, бауырым. Жеңіске лайықты болдың», – деді Шумков.

Тағы бір боксшы Евгений Кооль көрермендердің өзін сынға алды.

«Боксты түсінетін адамдар Джамбулаттың жеңгенін біледі. Ал көпшілік көрермен – әуесқой. Сырт көзге ол «қалқып кеткен» сияқты көрінеді. Ал ұпаймен есептесең, Джамбулат айқын басымдықпен ұтты. Үшінші раундта ауыр соққы өткізу – жеңілді деген сөз емес», – деді Кооль.

Шумков та жанкүйерлердің сынына жауап берді.

Ал Бижамовтың өзі қазақстандық жанкүйерлердің реакциясына таңғалғанын жасырмады.

«Ертеңіне оянсам, телефоным жарылып кетейін деп тұр екен. Бүкіл ел мен туралы айтып жатыр. Спортқа қатысы жоқ блогерлер «біздің баланың жеңісін ұрлап алды» деп видео сала бастады, ал халық соған ерді», – деді ол.

Үшінші раундтағы нокдаунға тоқталған Бижамов өзін толық бақылауда ұстағанын айтты.

«Иә, басында бірнеше соққы өткізіп алдым. Аяғымда тұрдым, желкеден соққы тиді, сәл шайқалып кеткенім рас. Сол сәтте-ақ алға шығу керек екенін түсіндім. Бұрын да мұндай жағдайға тап болғанмын, сондықтан шошыған жоқпын», – деді ол.

Ол бұл соққы тынысының ашылуына себеп болғанын алға тартты.

«Нокдауннан кейін ояндым. Кейде тіпті спарринг алдында да ояну үшін соққы алу керек болады», - деп түйіндеді ойын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 3
Ашулану 1

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам