Ерсін Ерік «Реалды» қор қылды. Тауық сойса да қасап сойсын. Саусақ пен тіл үйлескенде…

WBO Жәнібек Әлімханұлына қатысты шешім қабылдады

Бүгін, 16:25

Допинг сынамасының «B» үлгісін ашу 8 қаңтарға жоспарланған

WBO Жәнібек Әлімханұлына қатысты шешім қабылдады
әлеуметтік желі

Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) допинг дауына қарамастан қазақстандық орта салмақтағы чемпион Жәнібек Әлімханұлының мәртебесін әзірге сақтап қалды.

WBO жаңартқан рейтингте Әлімханұлы әлі де өз салмағында әлем чемпионы ретінде көрсетілген. Ал басты үміткерлер үштігіне британдық Дензел Бентли, венесуэлалық Эндри Сааведра және кубалық Йоэнлис Эрнандес енген.

Еске салайық, желтоқсан айының басында, 7 желтоқсанға жоспарланған Жәнібек Әлімханұлы мен WBA чемпионы Эрисланди Лара арасындағы біріктіруші жекпе-жекке санаулы күн қалғанда, қазақстандық боксшының допинг сынамасынан тыйым салынған мельдоний препараты анықталған еді. Соның салдарынан жекпе-жек кейінге шегеріліп, WBO бұл жағдайға байланысты ішкі тергеу бастаған.

Допинг сынамасының «B» үлгісін ашу 8 қаңтарға жоспарланған. Егер екінші сынама да оң нәтиже көрсетсе, Жәнібек Әлімханұлы дисквалификацияға ұшырап, чемпиондық белбеулерінен айырылуы мүмкін.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам