«Менің бір қуанатыным». Жәнібек Әлімханұлы допинг дауына қатысты мәлімдеме жасады

Telegram WhatsApp

Мен әрқашан таза спортты қолдаймын

Фото: No Limit Boxing
Фото: No Limit Boxing

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы допинг дауына байланысты жанкүйерлерге үн қатты. Ол В сынамасының ресми нәтижесі жарияланбай тұрып, әлеуметтік желідегі парақшасында пікір білдірді.

Боксшы алдымен өзін қолдап отырған жанкүйерлерге алғыс айтты:

«Қолдап жатқан спортшы бауырларым мен жанкүйерлерге ерекше алғыс айтамын. Шетелдіктер дауға қуанып жатқанда, өз қазағым қасымнан табылып, таза екенімізге сенім білдіріп жатқаны жаныңа демеу болады екен. Менің бір қуанатыным – бокс мансабымда жаман жанкүйер жинамаппын. Қиындықта да қолдайтын нағыз жанкүйерім бар. Бұл спортшы үшін үлкен бақ»

деп жазды ол

Айта кетейік, желтоқсан айына жоспарланған кезекті жекпе-жек алдында алынған допинг сынамасының нәтижесі бойынша дау туындаған болатын. Осы жағдайға байланысты Жәнібек Әлімханұлы да өз ұстанымын ашық жеткізді:

«Мен әрқашан таза спортты қолдаймын. Мұны жақсы білесіздер. Таза спортты үнемі насихаттап келемін»

деді чемпион

Осы оқиғаға байланысты орта салмақтағы жылдың басты айқасы – Жәнібек Әлімханұлы мен Эрисланди Лара арасындағы жекпе-жек ресми түрде өтпейтіні белгілі болды. Қазіргі таңда Лара WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы саналады.

Ұйымдастырушылар жекпе-жек тоқтатылғаннан кейін кубалық боксшыға жедел түрде жаңа қарсылас тапты. Енді Лара венесуэлалық Йохан Гонсалеспен (36-4, 34 KO) жұдырықтасады.

Еске сала кетсек, Жәнібек Әлімханұлы 1993 жылғы 1 сәуірде дүниеге келген. Әуесқой бокста 2013 жылы әлем чемпионы атанып, сол жылы Азия чемпионатында да алтын жүлдеге қол жеткізген. Қазіргі таңда кәсіпқой бокста оның рекорды – 17 жеңіс, 12 нокаут.

Пікірлер

Бүгін YouTube-та

«Арыс» Түркістан облысына керек емес. Футболға демеуші тарту проблема. Бірінші лигада ақша жоқ 53 724 Shorts “Арыс” жеңіліп бастағанда жанашыр болып жүргеннің бәрі жоқ болып кетті 132 Shorts Абу-Дабидегі қоңыраудан бірінші лигаға дейін: "Арыс" қалай өзін сақтап қалды? 123 Shorts “Арыс” Түркістан облысынан Шымкент қаласына көшеді 475 Shorts “Арыстың” бюджеті небәрі 100 млн теңге. Оның 22 миллионын взносқа төлейсің 257 Shorts Бір ғана Нанидің келуі – “Арыс” балаларына үлкен мотивация сыйлап кетті 137 Shorts “Арыс” жас футболшыларға мүмкіндік бергең соң көбірек жеңіске жете бастады 123 Shorts Евгений Чебатков «Чай с Бубликом» жобасында қонақта болды 620 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 393 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 547 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 590 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 301
#
Команда
Ұпай
1
Реал Мадрид
15
2
Пари Сен-Жермен
13
3
Комо
12
4
Барселона
12
5
Ливерпуль
12
6
Бетис
12
7
Арсенал
11
8
Манчестер Сити
10
9
Спортинг (Лиссабон)
10
10
Боруссия (Дортмунд)
10
11
Астон Вилла
9
12
Интер
9
1/8 финалПлей-офф
Толық кесте · 36 команда ›