Жәнібек Әлімханұлының жағдайына қатысты ресми мәлімдеме жасалды

Telegram WhatsApp

Сынама алдағы уақытта ашылады.

instagram.com/proboxingkaz_official
instagram.com/proboxingkaz_official

Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясы Жәнібек Әлімханұлына қатысты жағдай бойынша ресми мәлімдеме жасап, B сынамасының ашылуы мен талдануы істің тағдырына тікелей әсер ететін шешуші кезең екенін мәлімдеді.

Федерацияның хабарлауынша, бұл процесс спортшының мансабына ғана емес, іске қатысы бар барлық тараптардың әрекеттеріне құқықтық баға беруге негіз болады.

«Жәнібек Әлімханұлының ісі бойынша B сынамасын ашу - заңдық тұрғыдан шешуші кезең. Бұл тек спортшының мансабына емес, іске қатысушы барлық тараптардың әрекеттеріне құқықтық баға беруге тікелей әсер етеді»

делінген ресми мәлімдемеде

Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясы халықаралық спорт құқығының негізгі қағидаттарын қатаң ұстанатынын атап өтті. Атап айтқанда, кінәсіздік презумпциясы, процестік адалдық және бекітілген регламенттердің сақталуы басты орында.

«B сынамасының ресми нәтижелері алынғанға дейін спортшы заңды түрде кінәсіз болып саналады. Айыптаушы сипаттағы кез келген жария мәлімдемелерді біз процестің әділдігіне қысым көрсету және спортшының құқықтарын бұзу деп есептейміз»

деп мәлімдеді федерация

Сондай-ақ ведомство B сынамасының ашылуы мен талдануы халықаралық талаптарға толық сәйкес жүргізілуі тиіс екенін қадап айтты. Федерация спортшы мен оның өкілдері процестің барлық кезеңдері мен нәтижелеріне толық қол жеткізуі қажет екенін алға тартты.

«Регламенттен кез келген ауытқу нәтижелердің жарамсыз деп танылуына негіз болуы мүмкін»

деп ескертті ұйым өкілдері

Федерация Жәнібек Әлімханұлын қорғауды өз міндеті санайтынын жеткізді.

«Федерация Жәнібек Әлімханұлын тіркелген кәсіби боксшы ретінде қорғауды жүзеге асырады және оның құқықтары мен беделін қорғау үшін барлық заңды тетіктерді қолданады»

делінген мәлімдемеде

B сынамасы таза деп танылған жағдайда, федерация барлық айыптауларды ресми түрде алып тастауды және спортшының беделін жария түрде қалпына келтіруді талап ететінін де ашық айтты.

«B сынамасы таза деп танылған жағдайда, біз барлық айыптауларды ресми түрде алып тастауды, спортшының беделін жария түрде қалпына келтіруді және іс барысында жіберілген әрекеттерге құқықтық баға беруді талап етеміз»

деді ұйым

Ал егер заң бұзушылықтар дәлелді түрде анықталса, федерация тиісті шешімдер регламент аясында қабылданатынын атап өтті.

Мәлімдеме соңында ұйым бұл мәселеде эмоцияға емес, құқыққа сүйену керектігін қадап айтты.

«Бастысы - эмоция емес, құқық. Тек заңға сай алынған B сынамасының нәтижесі ғана қорытынды жасауға негіз бола алады»

деп түйіндеді федерация

Пікірлер

Бүгін YouTube-та

«Арыс» Түркістан облысына керек емес. Футболға демеуші тарту проблема. Бірінші лигада ақша жоқ 53 690 Shorts “Арыс” жеңіліп бастағанда жанашыр болып жүргеннің бәрі жоқ болып кетті 132 Shorts Абу-Дабидегі қоңыраудан бірінші лигаға дейін: "Арыс" қалай өзін сақтап қалды? 119 Shorts “Арыс” Түркістан облысынан Шымкент қаласына көшеді 475 Shorts “Арыстың” бюджеті небәрі 100 млн теңге. Оның 22 миллионын взносқа төлейсің 257 Shorts Бір ғана Нанидің келуі – “Арыс” балаларына үлкен мотивация сыйлап кетті 137 Shorts “Арыс” жас футболшыларға мүмкіндік бергең соң көбірек жеңіске жете бастады 123 Shorts Евгений Чебатков «Чай с Бубликом» жобасында қонақта болды 620 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 393 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 547 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 590 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 301
#
Команда
Ұпай
1
Реал Мадрид
15
2
Пари Сен-Жермен
13
3
Комо
12
4
Барселона
12
5
Ливерпуль
12
6
Бетис
12
7
Арсенал
11
8
Манчестер Сити
10
9
Спортинг (Лиссабон)
10
10
Боруссия (Дортмунд)
10
11
Астон Вилла
9
12
Интер
9
1/8 финалПлей-офф
Толық кесте · 36 команда ›