Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Қазақстандық нокаутшы алғаш рет жеңілді

Бүгін, 11:03

Ол тоғыз жекпе-жегін нокаутпен аяқтаған.

Қазақстандық нокаутшы алғаш рет жеңілді
©instagram.com/aidosmedet

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Айдос Медет АҚШ-та екінші жекпе-жегін өткізді.

Отандасымыз Калифорния штатының Лонг-Бич қаласында өткен бокс кешінде шаршы алаңға шығып, қазіргі уақытта АҚШ-та тұратын армениялық боксшы Азат Ованнисянмен қолғап түйістірді. Екінші жартылай жеңіл салмақта өткен жекпе-жек толық сегіз раундқа созылып, кездесу қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті бірауыздан Ованнисянға берді.

Осылайша, Айдос Медет кәсіпқой мансабында алғаш рет жеңілді. Бұған дейін оның еншісінде 13 жеңіс болса, соның тоғызы нокаутпен аяқталған еді. Ал Азат Ованнисян бұл кездесуде 22-жеңісіне жетіп, оның 17-сін мерзімінен бұрын аяқтаған. Армениялық боксшы алты рет жеңіліс тапқан.

Айта кетейік, Азат Ованнисян 2018 жылы WBC нұсқасы бойынша екінші жеңіл салмақтағы әлем чемпионы атағына үміткер атанып, мексикалық Рэй Варгаспен (36-1-1, 22 KO) жекпе-жек өткізген. Алайда сол кездесуде төрешілер жеңісті қарсыласына берді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам