Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

The Ring 2025 жылдың үздік боксшысын атады

Бүгін, 10:52

Ол былтыр абсолютті әлем чемпионы атанды.

The Ring 2025 жылдың үздік боксшысын атады
Getty Images

The Ring журналының нұсқасы бойынша 2025 жылдың үздік боксшысы анықталды.

Аталған марапатқа америкалық боксшы Теренс Кроуфорд лайық деп танылды. Былтыр ол шаршы алаңға бір рет қана шыққанымен, сол жекпе-жегінде айрықша жетістікке қол жеткізді. Кроуфорд мексикалық жұлдыз Сауль «Канело» Альваресті төрешілердің ортақ шешімімен жеңіп, екінші орта салмақта абсолютті әлем чемпионы атанды.

Ал желтоқсан айында америкалық боксшы кәсіби мансабын аяқтайтынын ресми түрде мәлімдеген болатын.

Салтанатты рәсім барысында Теренс Кроуфордқа марапатты украиналық боксшы Александр Усик табыстады.

Айта кетейік, 2025 жыл Усик үшін де табысты болды - Лондонда өткен жекпе-жекте британиялық Даниэль Дюбуаны жеңіп, IBF, WBC, WBO және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағын қорғады.

Соған қарамастан, Александр Усик The Ring журналының «Жыл боксшысы» номинациясына үміткерлер қатарына да енген жоқ. Бұл атаққа Кроуфордпен бірге Дмитрий Бивол, Наоя Иноуэ, Джесси Родригес және Фабио Уордли үміткер болған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам