Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Орта салмақтағы түйткіл: Жәнібек Әлімханұлының басты қарсыласының жекпе-жегі де өтпей қалды

30.01.2026, 23:57

Ол бұған дейін Әлімханұлымен жұдырықтасуға дайын екенін айтқан.

Орта салмақтағы түйткіл: Жәнібек Әлімханұлының басты қарсыласының жекпе-жегі де өтпей қалды
Katelyn Mulcahy/Getty Images

Доминикандық боксшы Карлос Адамес WBC нұсқасы бойынша орта салмақта чемпиондық белбеуін қорғау жекпе-жегінен бас тартты. The Ring боксшы денсаулығына байланысты осындай шешім қабылдауға мәжбүр болғанын жазады.

Адамес америкалық Остин Уильямспен жұдырықтасуы тиіс еді. Ал кездесу 31 қаңтар күні Нью-Йоркте өтетін кәсіпқой бокс кешінің басты жекпе-жектерінің бірі ретінде жоспарланған болатын. Қазір ұйымдастырушылар Адаместі алмастыратын боксшы іздеп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Карлос Адамес қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен орта салмақтың «нағыз королі» атағына таласуға дайын екенін айтқан. Әлімханұлы да оны бірнеше рет жекпе-жекке шақырған. Алайда екеуара кездесу сол күйі өткен жоқ.

Жәнібек Әлімханұлының өзі соңғы рет шаршы алаңға 7 желтоқсанда Сан-Антониода оралуы тиіс болатын. Ол WBA чемпионы кубалық Эрисланди Ларамен жұдырықтасуы керек еді. Өкінішке қарай, қазақстандық боксшының допинг-сынамасынан тыйым салынған мельдоний препараты анықталып, бұл айқас кейінге қалды. Әзірге бұл іс бойынша ресми шешім әлі жарияланған жоқ.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 3
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам