Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Өзбекстан боксының өкілі Головкиннен алған сыйлығын көрсетіп мақтанды

03.02.2026, 23:25

Ол мұны тарихи құндылық деп атады. 

Өзбекстан боксының өкілі Головкиннен алған сыйлығын көрсетіп мақтанды
instagram.com/mirshohid_t

Өзбекстан бокс федерациясының бас хатшысы Шохид Тиллабоев World Boxing ұйымының президенті, қазақстандық бокс аңызы Геннадий Головкиннен алған ерекше сыйлығын көпшілікке көрсетті.

Тиллабоев әлеуметтік желідегі парақшасында қымбат футлярға салынған коллекциялық қаламды көрсетіп, бұл сыйлықтың маңызын ерекше атап өтті.

«Геннадий Геннадьевич Головкиннен ерекше сыйлық. Бұл – аңыз берген келген бірегей тарту!» – деді ол.

Өзбекстан бокс федерациясының өкілі оны жай ғана сыйлық емес, тарихи құндылық деп бағалайтынын жеткізді.

«Әрине, мұны қолдануға да болады. Бірақ біз оны музейімізге қоюды жөн көрдік. Қараңыздаршы, қандай эстетика! Бұл – аңыз, аңыздан келген дүние де аңызға айналуы тиіс. Сондықтан оны бокс тарихы жинақталған музейімізге қоямыз», – деді Тиллабоев Instagram желісіндегі видеосында.

Айта кетейік, Геннадий Головкин қаңтардың соңында Өзбекстанға ресми сапармен барған болатын. World Boxing басшысы 2026 жылғы 26 қаңтарда Ташкент қаласында өткен Азия олимпиадалық кеңесінің (ОСА) 46-шы Бас ассамблеясына қатысып, халықаралық спорт қауымдастығы өкілдерімен бірқатар кездесу өткізді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам