бетербиевтің өзі жекпе-жекті асыға күтіп жүргенін алға тартты.
Ресейлік боксшы Артур Бетербиев Сауд Арабиясының ойын-сауық істері басқармасының төрағасы Түрки әл аш-Шейхпен кездескенін және оның Дмитрий Биволмен өтетін үшінші жекпе-жекке қатысты нақты уәде бергенін мәлімдеді. Бұл туралы ол «Матч ТВ-ға» берген сұхбатында айтты.
Еске салайық, 2024 жылдың қазан айында Артур Бетербиев Дмитрий Биволды жеңіп, жартылай ауыр салмақта абсолютті әлем чемпионы атанған еді. Алайда 2025 жылдың ақпанында өткен қарымта кездесуде Бивол басым түсіп, есепті теңестірді. Аталған екі жекпе-жек те Эр-Риядта өтіп, олардың ұйымдастырушысы Турки әл аш-Шейх болған.
– Түрки әл аш-Шейхпен сөйлесе алдың ба? Келесі жекпе-жектің уақытына қатысты қандай да бір нақты мәлімет бар ма?
– Иә, сөйлестік. Мені мазалайтын жалғыз мәселе – ол трилогия. Түрки әл аш-Шейх үшінші жекпе-жек міндетті түрде өтетінін айтты және оның биыл ұйымдастырылуы тиіс екенін жеткізді. Ол нағыз бокс жанкүйері дәл осы айқастың өтуіне ерекше ықылас танытып отыр.
– Ал Дмитрий Бивол трилогияға келісімін берді ме?
– Жеке маған растаған жоқ, біз бұл тақырыпта сөйлескен жоқпыз. Дегенмен Турки әл аш-Шейх айқастың өтетініне сенімді. Егер ол уәде берсе, сөзінде тұрады. Кездесу соңында Биволдың промоутері Эдди Хирнмен де қол алыстық, бұл да ниеттің қаншалықты салмақты екенін аңғартады.