Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

Странджа кубогі: Тұрсынбай Құлахмет өзбек боксшысын жеңіп, ширек финалға шықты (ВИДЕО)

09.02.2024, 18:30

Қазақстан ұлттық құрамасынан әзірге үш боксшы жеңілді

Странджа кубогі: Тұрсынбай Құлахмет өзбек боксшысын жеңіп, ширек финалға шықты (ВИДЕО)
olympic.kz

Софияда (Болгария) өтіп жатқан «Странджа» кубогінің бүгінгі жарыс күнін қазақ-өзбек боксшыларының жекпе-жегі қыздыра түсті. 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Тұрсынбай Құлахмет пен Алохон Абдуллаев кездесіп, 4:0 есебімен басым түсті.

Екінші раундта рефери өзбек боксшысының ереже бұзуына байланысты бір ұпайын алып қойған. Дегенмен, үшінші раундта Абдуллаев Құлахметке ауыр соққысын дарытып, төреші нокдаун санады. Бірақ, бұл ойынның жалпы нәтижесіне әсер еткен жоқ, қазақ боксшысы келесі айналымға шықты.

Айта кетейік, қос боксшы да халықаралық жарыстарда топ жарып жүр. Мәселен, 2019 жылы әлем чемпионатының қола жүлдегері және Азия чемпионы атанса, Абдуллаев жастар арасындағы Азия жеңімпазы.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам