Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Оразбек Асылқұлов моңғол боксшысынан жеңіліп қалды

09.02.2024, 18:43

Ол екінші раундта ауыр соққы алып, төреші нокдаун санады

Оразбек Асылқұлов моңғол боксшысынан жеңіліп қалды
olympic.kz

Бокстан «Странджа» кубогінде тағы бір қазақстандық боксшы жарысты жүлдесіз аяқтады. 1/4 финалда 57 келіде өнер көрсеткен Оразбек Асылқұлов моңғол Энх-Амар Ханхуудан жеңілді.

Үш раундқа созылған жекпе-жекте төрешілер 5:0 есебін тіркеді. Тіпті, екінші раундта Асылқұлов нокдаун да алды.

Осылайша, Энх-Амар Ханхуу жарыстың жартылай финалына шықты. Ал, Асылқұлов елге жүлдесіз оралады.

Айта кету керек, моңғол боксшысы 2021 жылы Азия чемпионы атанған. Халықаралық бокс қауымдастығы оған «қорғаныс шебері» деген бейресми атақ та берген.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам