Бүгін Санжар Тәшкенбай өзбек боксшысымен, Тұрсынбай Құлахмет Қытай қазағымен жұдырықтасады

10.02.2024, 10:12

Финал 12 ақпанға жоспарланған

Бүгін Санжар Тәшкенбай өзбек боксшысымен, Тұрсынбай Құлахмет Қытай қазағымен жұдырықтасады
Қазақстан бокс федерациясы

Болгарияда өтіп жатқан «Странджа» кубогінің жартылай финалына небәрі үш-ақ қазақ шықты. Жарысқа Қазақстаннан барлығы он боксшы барған болатын.

Бүгін өтетін 1/2 финалда 51 келіде Санжар Тәшкенбай өзбек Асылбек Джалиловпен рингке шығады.

67 келіде өнер көрсететін Дулат Бекбауов болса Алжир боксшысы Абденасер Бенларибимен өзара мықтыны анықтайды.

Тұрсынбай Құлахмет (80 кг) болса қытай қазағы, Азия ойындарының чемпионы және әлемнің күміс жүлдегері Тоқтарбек Таңатқанмен жұдырықтасады.

Айта кетейік, Болгария астанасы Софияда өтіп жатқан дәстүрлі «Странджа» кубогі бейресми «кіші әлем чемпионаты» деп аталады. Қазақстан құрамасы аталған турнирге биыл бірінші номерлі боксшыларын жіберген жоқ.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 14
Ұнамайды 2
Күлкілі 1
Ашулану 3
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт
Жаңа Подкаст! / Қазақ баласы қашан NHL-да ойнайды?