ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Жәнібек Әлімханұлының қарсыласы анықталатын жекпе-жек күні жарияланды

23.02.2026, 12:17

Кездесуде орта салмақта уақытша әлем чемпионы атағы сарапқа салынады. 

Жәнібек Әлімханұлының қарсыласы анықталатын жекпе-жек күні жарияланды
twitter.com/trboxing

Орта салмақта WBO тұжырымы бойынша уақытша әлем чемпионы атағы сарапқа салынатын жекпе-жек күні анықталды.

Британиялық Дензел Бентли (21-3-1, 17 КО) мен венесуэлалық Эндри Сааведра (17-1-1, 14 КО) арасындағы айқас 4 сәуір күні Лондондағы әйгілі O2 Arena аренасында өтеді. Қазіргі таңда WBO рейтингінде Бентли – бірінші, ал Сааведра екінші орында тұр.

Ал осы кездесу жеңімпазы кейін орта салмақтағы WBO нұсқасы бойынша толыққанды әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлымен (17-0, 12 КО) жұдырықтасуы тиіс.

Еске сала кетейік, допинг-сынамасынан мельдоний табылған Жәнібек бір жылға жарыстардан шеттетілген болатын. Оның дисквалификация мерзімі 2026 жылдың 2 желтоқсанына дейін жалғасады. Осы мерзім аяқталған соң Әлімханұлы уақытша чемпион атанған боксшымен міндетті түрде жекпе-жек өткізуге тиіс.

Айта кетейік, Әлімханұлы мен Бентли бұған дейін 2022 жылы шаршы алаңда кездескен. Ол кезде «Қазақ стилі» 12 раунд қорытындысы бойынша жеңіске жеткен еді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам