Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

«Странджа» турнирі: Қазақстан боксшыларының қарсыластары анықталды

Бүгін, 08:51

Биылғы бәсекеге 31 елден 338 боксшы (209 ер, 129 әйел) қатысады

«Странджа» турнирі: Қазақстан боксшыларының қарсыластары анықталды
бокс федерациясы

23 ақпанда Болгария астанасы София қаласында бокстан 77-ші халықаралық «Странджа» турнирі басталады. Дәстүрлі дода 2 наурызға дейін жалғасады. Биылғы бәсекеге 31 елден 338 боксшы (209 ер, 129 әйел) қатысады.

Жеребе қорытындысы бойынша қазақстандық боксшылардың алғашқы қарсыластары төмендегідей:

50 келі (13 боксшы)

1/8 финал:

  • Бекзат Алдамжаров – Асылбек Жалилов (Өзбекстан, 2024 жылғы Азия чемпионы)

1/4 финал:

  • Даниал Сәбит – Улас Ялчинкая (Түркия)

55 келі (23 боксшы)

1/16 финал:

  • Бағлан Кенжебек – Ниджат Гусейнов (Әзербайжан, Париж Олимпиадасының қатысушысы, U22 санатында екі дүркін Еуропа чемпионы)
  • Тимур Қабдешов – Пэтси Джойс (Ирландия, 2025 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері)

60 келі (29 боксшы)

1/16 финал:

  • Руслан Күзеубаев – Салим Эллис Бей (АҚШ чемпионы, 20 жеңістен тұратын сериямен келе жатыр)
  • Жексен Бейбарыс – Лундаа Гантумур (Моңғолия, 2022 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері)

Келесі айналымда Жексен Бейбарыс әлем чемпионатының күміс жүлдегері Луис Оливейрамен (Бразилия) кездесуі мүмкін.

65 келі (25 боксшы)

1/16 финал:

  • Әбдіғалым Әбдікәрім – Абдуллох Мадаминов (Өзбекстан, Ислам ойындарының жеңімпазы)
  • Илья Калинин – Заур Кахраманов (Әзербайжан)
  • Ертуған Зейнуллинов – Джейсон Невин (Ирландия)

Калинин келесі кезеңге өтсе, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Юри Фалькаомен (Бразилия) жұдырықтасуы ықтимал.

70 келі (27 боксшы)

1/16 финал:

  • Фарух Тоқтасынов – Арсен Чабиан (Армения)
  • Мұхаммедсабыр Базарбайұлы – Абдулазиз Журакулов (Өзбекстан, 2024 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионы)

Тоқтасынов келесі айналымда әлем чемпионатының қола жүлдегері Байрамдурды Нурмухаммедовпен (Түркіменстан) кездесуі мүмкін.

80 келі (27 боксшы)

1/16 финал:

  • Диас Молжігітов – Робби Гонзалес (АҚШ, 2021 жылғы әлем чемпионы)
  • Санжарали Бегалиев – Кауэ дос Сантос Белини (Бразилия)

Бегалиев келесі кезеңге өтсе, әлем чемпионы Жавохир Умматалиевпен жолығуы ықтимал.

85 келі (16 боксшы)

1/8 финал:

  • Сұлтанбек Айбарұлы – Саба Квиникадзе (Грузия)
  • Бекзат Таңатар – Паоло Карусо (Италия)

Айбарұлы ширек финалға шыққан жағдайда әлем чемпионы Акмалжон Исроиловпен (Өзбекстан) кездесуі мүмкін.

90 келі (20 боксшы)

1/16 финал:

  • Дәулет Төлемісов – Семён Болдырев (Болгария)

1/8 финал:

  • Нурмагамед Юсупов – Коннор Уильямс (Уэльс)

+90 келі (17 боксшы)

1/8 финал:

  • Нұрлан Сапарбай – Даниал Сапарбай

Осылайша, қазақстандық былғары қолғап шеберлерін алғашқы кезеңнен бастап тартысты айқастар күтіп тұр. Турнир қорытындысы бойынша спортшылар рейтингтік ұпайлар мен халықаралық аренадағы маңызды тәжірибе үшін сынға түседі.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам