Бокс аңыздары Флойд Мейвезер мен Мэнни Пакьяо арасындағы матч-реванш қыркүйекте өтетін болды

Telegram WhatsApp

Екеуінің де жасы елуге таяған

Getty Images
Getty Images

Әлемдік бокстың көзі тірі аңыздары Флойд Мейвезер (50-0, 27 KO) мен Мэнни Пакьяо (62-8-3, 39 KO) қарымта жекпе-жек өткізетін болды. Матч-реванш 19 қыркүйекке жоспарланған. Лас-Вегаста өтетін бокс кешін Netflix стримингтік сервисі тікелей эфирде көрсетеді.

Айта кету керек, Флойд Мейвезердің (АҚШ) жасы 49-да болса, Мэнни Пакьяо (Филиппин) 47-ден асты. Екеуі 2015 жылы жекпе-жек өткізіп, ол кезде төрешілер шешімімен америкалық боксшы жеңіске жеткен болатын.

«Біз Флойдпен бокс тарихындағы ең ірі бокс кешін өткізген болатынбыз. Содан бері жанкүйерлер қарымта кездесуді ұзақ күтті және олар біздің жекпе-жекті көруге лайықты. Мен Флойдтың мансабында бір жеңіліс болғанын қалаймын және ол осы жеңілісті мәңгілікке есінде сақтауы үшін барымды саламын»

деді Пакьяо аталған ақпарат тарағаннан кейін

«Мен бұған дейін Мэннимен бір рет кездесіп, жеңген едім. Бұл жолы да дәл осы нәтиже қайталанады»

деп қысқа қайырды кіші Мэйвезер

Қос боксшының жаттығуға кірісіп кеткенін фанаттары бұған дейін әлеуметтік желідегі видеолардан байқаған. Алайда, матч-реванш өтетіні көпшілікке тосын сый болды.

Пікірлер

Бүгін YouTube-та

«Арыс» Түркістан облысына керек емес. Футболға демеуші тарту проблема. Бірінші лигада ақша жоқ 53 724 Shorts “Арыс” жеңіліп бастағанда жанашыр болып жүргеннің бәрі жоқ болып кетті 132 Shorts Абу-Дабидегі қоңыраудан бірінші лигаға дейін: "Арыс" қалай өзін сақтап қалды? 123 Shorts “Арыс” Түркістан облысынан Шымкент қаласына көшеді 475 Shorts “Арыстың” бюджеті небәрі 100 млн теңге. Оның 22 миллионын взносқа төлейсің 257 Shorts Бір ғана Нанидің келуі – “Арыс” балаларына үлкен мотивация сыйлап кетті 137 Shorts “Арыс” жас футболшыларға мүмкіндік бергең соң көбірек жеңіске жете бастады 123 Shorts Евгений Чебатков «Чай с Бубликом» жобасында қонақта болды 620 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 393 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 547 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 590 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 301
#
Команда
Ұпай
1
Реал Мадрид
15
2
Пари Сен-Жермен
13
3
Комо
12
4
Барселона
12
5
Ливерпуль
12
6
Бетис
12
7
Арсенал
11
8
Манчестер Сити
10
9
Спортинг (Лиссабон)
10
10
Боруссия (Дортмунд)
10
11
Астон Вилла
9
12
Интер
9
1/8 финалПлей-офф
Толық кесте · 36 команда ›