24 ақпанда Бағлан Кенжебек, Тимур Қабдешов және Нурмагамед Юсупов турнирдегі екінші жекпе-жектерін өткізеді
24 ақпан күні София қаласында өтіп жатқан халықаралық Странджа кубогы турнирінде Қазақстан құрамасының 15 боксшысы шаршы алаңға шығады.
Еуропадағы ең көне бокс турнирі саналатын бұл жарыс биыл 77-рет ұйымдастырылып отыр. Дәстүрлі дода 23 ақпан мен 2 наурыз аралығында өтеді. Қазақстан құрамасы Болгарияға 39 спортшы алып барған.
24 ақпанда Бағлан Кенжебек, Тимур Қабдешов және Нурмагамед Юсупов турнирдегі екінші жекпе-жектерін өткізеді. Қалған қазақстандық боксшылар үшін бұл – алғашқы кездесу болмақ.
А рингі
51 кг (әйелдер)
Жазира Ұрақбаева – Фатиха Мансури (Алжир)
51 кг (әйелдер)
Анита Адишева – Кейтлин Фрайерс (Ирландия)
70 кг (әйелдер)
Мадина Нұршаева – Дилара Сак (Түркия)
В рингі
54 кг (әйелдер)
Жайна Шекербекова – Тала Хаббас (Болгария)
54 кг (әйелдер)
Әнел Сақыш – Энхжаргал Мунгунцэцэг (Моңғолия)
54 кг (әйелдер)
Элина Базарова – Моник Сурачи (Австрия)
55 кг (ерлер)
Бағлан Кенжебек – Абдулазиз Абдуназаров (Өзбекстан)
55 кг (ерлер)
Тимур Қабдешов – Лоренцо Патрицио (АҚШ)
А рингі
65 кг (ерлер)
Әбдікәрім Әбдіғалым – Абдуллох Мадаминов (Өзбекстан)
65 кг (ерлер)
Илья Калинин – Заур Гахраманов (Әзербайжан)
65 кг (ерлер)
Ертуған Зейноллинов – Джейсон Невин (Ирландия)
90 кг (ерлер)
Дәулет Төлемісов – Семён Болдырев (Болгария)
В рингі
85 кг (ерлер)
Сұлтанбек Айбарұлы – Саба Квиникадзе (Грузия)
85 кг (ерлер)
Бекзат Таңатар – Паоло Карузо (Италия)
90 кг (ерлер)
Нурмагамед Юсупов – Роселин Бачевски (Болгария)
Айта кетейік, «Странджа кубогы» бейресми түрде «кіші әлем чемпионаты» деп аталады. Турнирге жыл сайын әлемнің мықты боксшылары қатысады. Қазақстандық спортшылардың жекпе-жектерін жарыстың ресми онлайн-платформалары мен спорттық телеарналар арқылы тікелей эфирде көруге болады.