Қарсыластар бірінші раундта бір-біріне баспен қатты соғылған
Америкалық боксшы Джо Джордж раундтар арасындағы үзіліс кезінде есінен танып қалды. Ол 22 ақпанда Детройтте өткен турнирде өзінің отандасы Атиф Оберлтонмен жекпе-жек кезінде басымен соғылғаннан кейін кездесуді аяқтай алмаған. Үзіліс кезінде ол күтпеген жерден есінен танып, ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы ESPN басылымы жазды.
Белгілі болғандай, қарсыластар бірінші раундта бір-біріне баспен қатты соғылған. Үзіліс кезінде Джордж өз бұрышындағы орындыққа отырып, жаттықтырушыларын тыңдап отырды. Алайда күтпеген жерден ринг еденіне құлап түскен көрінеді.
Джордж көп ұзамай есін жиғанымен, жекпе-жекті жалғастыруға рұқсат берілмеді. Қарсыласы Оберлтон оған қолдау көрсетіп, оқыс жағдай үшін кешірім сұраған. Зардап шеккен спортшы ауруханаға жеткізіліп, тексеруден кейін үйіне жіберілгені айтылды.
Жартылай ауыр салмақта өнер көрсететін 36 жастағы Джордж үшін бұл спорттық мансабындағы екінші жеңіліс болып отыр.