Қазақстан уақытымен күндізгі сессия 17:00-де, ал кешкі сессия 21:00-де басталады.
Болгария астанасы Софияда өтіп жатқан 77-ші мәрте ұйымдастырылған «Странджа кубогының» бесінші жарыс күні – 27 ақпанда Қазақстан құрамасынан 10 боксшы шаршы алаңға шығады. 23 ақпан мен 2 наурыз аралығында өтетін байрақты бәсекеге 36 елден 300-ден астам былғары қолғап шебері қатысуда.
Қазақстан уақытымен күндізгі сессия 17:00-де, ал кешкі сессия 21:00-де басталады.
50 келі (ерлер): Даниял Сәбит – Улаш Ялчинкая (Түркия)
70 келі (ерлер): Фарух Тохтасынов – Рэнди Ботикали (Германия)
55 келі (ерлер): Бағлан Кенжебек – Билгуунсайхан Хархуу (Моңғолия)
65 келі (ерлер): Ертуган Зейнуллинов – Малик Гасанов (Әзербайжан)
70 келі (ерлер): Мұхаммедсабыр Базарбайұлы – Лавант Браунли (АҚШ)
85 келі (ерлер): Сұлтанбек Айбарұлы – Акмалжон Исроилов (Өзбекстан)
90 келі (ерлер): Дәулет Төлемісов – Джозеф Авинонгья (АҚШ)
90 келіден жоғары (ерлер): Нұрлан Сапарбай – Озодбек Алиев (Өзбекстан)
85 келі (ерлер): Бекзат Таңатар – Матвей Ражба (Украина)
90 келі (ерлер): Нұрмагамед Юсупов – Самир Собиров (Өзбекстан)
Биыл 77 мәрте ұйымдастырылып отырған «Странджа кубогы» – Еуропадағы ең көне әрі беделді халықаралық турнирлердің бірі. Қазақстан құрамасы бұл жарысқа алғаш рет 1994 жылы қатысқан. Сол жылы 75 келіде Валерий Кузьменцов күміс жүлдеге ие болды.
2005 жылы 60 келіде Серік Сәпиев Қазақстан тарихындағы алғашқы чемпион атанды. Әйелдер арасында Валентина Хальзова екі дүркін жеңімпаз ретінде ел мерейін үстем етті.
Айта кетейік, биыл Қазақстан құрамасы Софияға 39 боксшыны аттандырды. Бүгін шаршы алаңға шығатын 10 спортшымыздан жанкүйерлер үлкен үміт күтеді.