Қазақстанда футбол деңгейі нөл. Айболдың “крышасы” кім? Шалдар, кетіңдер!

Бокстан Странджа кубогіндегі жалғыз алтын медальді Дулат Бекбауов жеңіп алды

11.02.2024, 20:04

Қазақстан қоржынында үш медаль бар

Бокстан Странджа кубогіндегі жалғыз алтын медальді Дулат Бекбауов жеңіп алды
olympic.kz

Бокстан Болгария астанасында өтетін дәстүрлі Странджа кубогі Қазақстан боксшылары үшін 1 алтын, 1 күміс және 1 қола медальмен аяқталды.

67 келіде өнер көрсеткен Дулат Бекбауов финалда үндістандық Раджатпен жекпе-жекке шыққан болатын. Төрешілер жеңісті 3:2 есебімен қазақ боксшысына берді.

Осылайша Бекбауов «Странджа кубогі» турнирінде алтын медаль жеңіп алған Қазақстанның жалғыз боксшысы атанып отыр. 51 келіде финалға шыққан Санжар Тәшкенбай болса үнді қарсыласынан 0:5 есебімен жеңілді және жарыстың күміс жүлдегері атанды.

Ал, жартылай финалда Тұрсынбай Құлахмет (80 кг) Қытай қазағы Тоқтарбек Таңатқаннан жеңіліп, қола жүлдені місе тұтты.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам