Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

«Странджа» кубогінде Өзбекстан 5 алтынмен командалық есепте бірінші орын алды

12.02.2024, 08:50

Қазақстанда небәрі бір алтын медаль бар

«Странджа» кубогінде Өзбекстан 5 алтынмен командалық есепте бірінші орын алды
Kun.uz

«Кіші әлем чемпионаты» атанып кеткен «Странджа кубогі» турнирі мәресіне жетті. Болгарияда жыл сайын өтетін дәстүрлі жарыста Қазақстан биыл тек бір алтын медальмен шектелді. Есесіне Өзбекстан құрамасы 5 алтын медаль алып, жалпыкомандалық рейтингте көш бастады.

Қазақстан сапынан бірінші орынды 67 келіде өнер көрсеткен Дулат Бекбауов иеленді. Финалда ол үнді боксшысын жеңген болатын. Ал, әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай болса өзге үндімен рингке шығып, төрешілер шешімімен жеңіліп қалды. Жартылай финалда Қытай қазағынан жеңілген Тұрсынбай Құлахмет (80 кг) болса қола медальді місе тұтты. Осылайша, 1 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль жеңіп алған Қазақстан боксшылары командалық есепте бесінші орынға тұрақтады.

Жалпыкомандалық рейтинг:

1. Өзбекстан — 5-2-5
2. Үндістан — 2-2-2
3. Болгария — 1-4-0
4. Украина — 1-1-3
5. Қазақстан — 1-1-1
6. Грузия — 1-0-3
7. Қырғызстан — 1-0-0
7. Қытай — 1-0-0
9. Алжир — 0-1-4
10. Тәжікстан — 0-1-0
10. Грекия — 0-1-0
12. Иран — 0-0-2
13. Түркия — 0-0-1
13. Франция — 0-0-1
13. Моңғолия — 0-0-1
13. Армения — 0-0-1
13. Литва — 0-0-1
13. Ирландия — 0-0-1.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам