Бұл – Қытай қоржынындағы жалғыз медаль
Болгарияда аяқталған 75-ші «Странджа» кубогында Қытай құрамасына жалғыз медальды этникалық қазақ боксшысы тарту етті.
80 келіде сынға түскен Тоқтарбек Таңатқанұлы жартылай финалда отандасымыз Тұрсынбай Құлахмет жеңген болатын. Ал, финалда болгариялық Кристиян Николовпен жұдырықтасып, қарсыласын 4:1 есебімен ұтып, алтын медальға ие болды.
Қандасымыз Тоқтарбек Таңатқанұлы өткен жылы өткен жазғы Азия ойындарының жеңімпазы, Ташкентте өткен әлем чемпионатында күміс медальға ие болды. Ол Токио олимпиадасына қатысқанымен, іріктеу кезеңдерінде есе жебіріп, жүлдесіз қалды. Сондай-ақ, Қытай біріншілігінің 4 дүркін жеңімпазы.