Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Төлтаев IBF чемпионы атанған боксшымен жұдырықтасады

18.03.2026, 22:39

Кездесу 4 сәуірде өтеді.

Төлтаев IBF чемпионы атанған боксшымен жұдырықтасады
instagram.com/irfin_promotions

4 сәуір күні Бангкокте кәсіпқой бокс кеші өтеді. Бұл кеште Қазақстаннан үш бірдей боксшы - Руслан Мәдиев, Арман Арманұлы және Саматәлі Төлтаев шаршы алаңға көтеріледі.

Айта кетерлігі, Саматәлі Төлтаев әуесқой бокста тыйым салынған оралтуринабол препаратын қолданғаны үшін дисквалификациясын әлі өтеп жатыр. Оның жазасының мерзімі 2026 жылдың 31 наурызында аяқталады. Дегенмен бұл шектеу кәсіпқой боксқа әсер етпегендіктен, ол 2023 жылдан бері кәсіпқой шаршы алаңда тұрақты түрде өнер көрсетіп келеді.

Әзірге Төлтаев алты жекпе-жегінің барлығын жеңіспен аяқтаса, оның үшеуін мерзімінен бұрын тәмамдаған. Бұл жолы оның қарсыласы - Вьетнам өкілі Хонг Куан Динь. Оның еншісінде 12 жеңіс (төртеуі нокаутпен), екі жеңіліс және бір тең нәтиже бар. Сондай-ақ ол 61,2 келіге дейінгі салмақта IBF Asia тұжырымының чемпионы атанған.

Төлтаев пен Динь арасындағы жекпе-жек сегіз раундқа жоспарланған. Бір қызығы, бұл айқас Саматаләлінің әуесқой бокстағы дисквалификация мерзімі аяқталғаннан кейін небәрі төрт күннен соң өтпек.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам