Ұйым қатары тағы тоғыз федерациямен толықты.
Ресей мен Беларусь бастаған тоғыз елдің бокс федерациясы World Boxing ұйымына мүшелікке өтті. Бұл туралы аталған ұйымның баспасөз қызметі хабарлады.
«World Boxing атқарушы комитеті тоғыз жаңа өтінімді мақұлдап, мүше елдер санын 168-ге жеткізді. Ұйымның атқарушы комитеті Беларусь, Кипр, Мозамбик, Ниуэ, Папуа-Жаңа Гвинея, Ресей, Танзания, Тонга және Замбия елдерінің ұлттық бокс федерацияларынан түскен өтінімдерді қолдады», - деп жазылған World Boxing хабарламасында.
Халықаралық Олимпиада комитеті 2024 жылғы Париж Олимпиадасы 2024 ойындарынан кейін IBA ұйымының мәртебесін біржола алып тастаған болатын. Бұл шешім ұйым мүшелерінің, соның ішінде Ресейдің 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына қатысуына шектеу қойған еді.
Кейіннен жаңа халықаралық ұйым - World Boxing құрылды. Геннадий Головкин басқаратын бұл қауымдастық 2028 жылғы Олимпиада ойындарындағы боксты басқару құқығына ие болып отыр. Айта кететін жайт, 2025 жылы IBA мен World Boxing әуесқой бокстан әлем чемпионатын өткізді. ІВА Дубайда ұйымдастырған біріншілікте боксшылар қомақты ақшалай сыйақы берілген болатын.