Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Жәнібек Әлімханұлының салмағындағы Адамес чемпиондық атағын қорғады

22.03.2026, 11:20

Кездесу АҚШ-та өтті.

Жәнібек Әлімханұлының салмағындағы Адамес чемпиондық атағын қорғады
©instagram.com/caballobronco

АҚШ-тың Орландо қаласындағы Caribe Royale Orlando аренасында өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде доминикандық Карлос Адамес америкалық Остин Уильямспен қолғап түйістірді.

Бұл кездесуде Адамес орта салмақта WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағын қорғады. 12 раундқа жоспарланған айқас толық қашықтыққа созылып, төрешілердің ортақ шешімімен (118-108, 117-109, 117-109) доминикандық боксшының пайдасына аяқталды.

Жекпе-жек барысында Уильямс екінші раундта нокдаунға түсті. Ал соңғы раундта Адамес белден төмен соққы жасағаны үшін айып ұпайын алды. Соған қарамастан, ол басымдықты сақтап, кәсіби мансабындағы 25-жеңісіне қол жеткізіп, чемпиондық белдігін қорғап қалды. Ал Уильямс карьерасында екінші рет жеңіліске ұшырады.

Айта кетейік, дәл осы салмақта қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы да өнер көрсетеді. «Qazaq Style» қазіргі таңда допинг дауына байланысты дисквалификациясын өтеп жатыр. Ол IBF титулынан айырылғанымен, WBO белдігін сақтап қалды. Қазақстандық боксшының рингке оралуы осы жылдың желтоқсан айына жоспарланып отыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам