Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

«Айналасындағыларға мұқият болсын»: Әлімханұлының экс-бапкері допинг дауына қатысты пікір білдірді

21.03.2026, 19:05

Ол боксшының препаратты әдейі қолданбағанына сенімді.

«Айналасындағыларға мұқият болсын»: Әлімханұлының экс-бапкері допинг дауына қатысты пікір білдірді
instagram.com/janibek_alimkhanuly

Қазақстандық танымал боксшы Жәнібек Әлімханұлының бұрынғы бапкері, америкалық маман Бадди Макгирт шәкіртінің допинг дауына ілігуіне қатысты пікір білдірді.

Айта кетейік, Макгирт Жәнібекке АҚШ-та өткен жекпе-жектерінде көмектескен. Дәл сол кезеңде қазақстандық боксшы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанып, белдігін сәтті қорғаған. Алайда 2023 жылдың күзінде IBF чемпионы Винченцо Гуальтьеримен өтетін біріктіру жекпе-жегінің алдында Әлімханұлы танымал бапкердің қызметінен бас тартқан еді.

Макгирт Жәнібектің мұндай қадамға әдейі бармағанына сенімді:

«Мен Жәнібекті жақсы көремін, бұл жағдайды естіп қатты қынжылдым. Оның тыйым салынған препаратты әдейі қолданғанына сенбеймін», - деді ол Sports.kz сайтына берген сұхбатында.

Бапкер қазақстандық боксшының болашағына қатысты да оптимистік көзқараста екенін айтты:

«Ол әлі де әлем чемпионы. Қайта оралып, абсолютті чемпион атануға толық мүмкіндігі бар деп ойлаймын. Дәл қазір орта салмақта оған мүмкіндік бар. Тек осы жағдай оған сабақ болып, айналасындағы адамдарға мұқият болса екен деймін. Оған тек сәттілік тілеймін», - деді Макгирт.

Еске салайық, 2025 жылдың желтоқсан айының басында Әлімханұлының допинг сынамасынан 2016 жылдан бері тыйым салынған мельдоний табылған. Соның салдарынан ол WBA чемпионы Эрисланди Ларамен жоспарланған біріктіру жекпе-жегінен шеттетілді. Кейін тексеріс қорытындысы бойынша қазақстандық боксшы IBF белдігінен айырылып, WBO титулын сақтап қалды. Сонымен қатар ол осы жылдың желтоқсанына дейін жарыстардан шеттетілді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам