Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Серік Сапиев Қазақстан бокс федерациясы президентінің кеңесшісі болды

Бүгін, 18:56

Олимпиада ойындарында жоғары жетістіктерге жету үшін дайындық жұмыстарын жетілдіруге атсалысады.

Серік Сапиев Қазақстан бокс федерациясы президентінің кеңесшісі болды
Қарағанды облысының әкімдігі

Олимпиада чемпионы, танымал қазақстандық боксшы Серік Сапиев Қазақстан бокс федерациясы президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ұйымның баспасөз қызметі хабарлады.

Серік Жұманғалиұлы Сәпиев 1983 жылы дүниеге келген. Ол – бокстан Олимпиада чемпионы, екі дүркін әлем және Азия чемпионы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері. Сондай-ақ «Парасат» орденінің және Вэл Баркер кубогының иегері.

Жаңа қызметінде Серік Сәпиев ұлттық құрамалардың нәтижелерін арттыруға, боксты жүйелі түрде дамытуға, сондай-ақ Олимпиада ойындарында жоғары жетістіктерге жету үшін дайындық жұмыстарын жетілдіруге атсалысады.

Айта кетейік, Серік Сәпиев – 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының чемпионы және 2010 жылғы Гуанчжоудағы Азия ойындарының жеңімпазы.

Әр жылдары ол мемлекеттік қызметте де еңбек етіп, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы, сондай-ақ өңірлік басқарма басшысы қызметтерін атқарған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам