Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Азия чемпионаты: құраманың ең сұлу боксшысы жарыстан шығып қалды

Бүгін, 12:07

Әйелдер құрамасының екі боксшысы турнирдің алғашқы күнінде жарысты аяқтады

Азия чемпионаты: құраманың ең сұлу боксшысы жарыстан шығып қалды
Бокс федерациясы

Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында бокстан Азия чемпионатының алғашқы жарыс күні өтіп жатыр. Турнирдің алғашқы күнінде Қазақстан әйелдер құрамасы екі кездесу өткізіп, екеуінде де жеңіліске ұшырады.

51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Жазира Орақбаева Солтүстік Корея өкілі, 2025 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Ан Кум Бёльмен қолғап түйістірді. Жекпе-жектің үшінші раундында қазақстандық боксшы жарақат алып, кездесуді жалғастыра алмады. Нәтижесінде техникалық жеңіс қарсыласына берілді.

54 келіге дейінгі салмақта ел намысын бірнеше дүркін Қазақстан чемпионы Элина Базарова қорғады. Оның қарсыласы үндістандық Прити болды. Үш раундқа созылған тартысты айқаста екі боксшы да сәтті шабуылдарымен көзге түсті. Алайда төрешілер бірауыздан жеңісті Притиге берді – 5:0. Осылайша, Элина Базарова жарысты 1/8 финал кезеңінде аяқтады.

Осылайша, Қазақстан құрамасы Азия чемпионатын қатарынан екі жеңіліспен бастады. Әйелдер құрамасының екі боксшысы турнирдің алғашқы күнінде жарысты аяқтады. 

Айта кетейік, бокстан 2026 жылғы Азия чемпионаты биылғы басты дода – қыркүйекте өтетін Азия ойындарына дайындық кезеңдерінің бірі саналады. Ұлан-Батырдағы құрлық біріншілігі 10 сәуірге дейін жалғасады. Қазақстан бұл жарысқа ерлер және әйелдер құрамасын қосқанда жалпы 20 боксшы алып барған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам