Финалдық жекпе-жектер 9 және 10 сәуір күндері өтеді
Моңғолия астанасы Ұланбатырда өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында жартылай финалдық жекпе-жектер аяқталып, финалистер толық анықталды. Нәтижесінде Қазақстан құрамасынан сегіз боксшы алтын медаль үшін таласатын болды.
Ерлер арасында финалға шыққандар:
Әйелдер арасында финалистер:
Финалдық жекпе-жектер 9 және 10 сәуір күндері өтеді. 9 сәуірде әйелдер арасындағы чемпиондар анықталса, 10 сәуірде ерлер финалы өтеді.
Қазақстандық боксшылар үшін ең тартысты айқастардың бірі өзбекстандық қарсыластармен болмақ. Атап айтқанда, үш финалда қазақстандықтар Өзбекстан спортшыларымен кездеседі.
Финал жұптары:
9 сәуір (әйелдер):
10 сәуір (ерлер):
Айта кетейік, финалистер саны бойынша Қазақстан мен Үндістан (8 боксшыдан) көш бастап тұр. Өзбекстаннан – 7, Солтүстік Корея мен Қытайдан – 3 спортшыдан финалға шыққан.