Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Қазақстан боксшылары жалпы командалық есепте Өзбекстанды басып озды

Бүгін, 14:40

Енді 10 сәуір күні өтетін ерлер финалында Қазақстан намысын бес боксшы қорғайды.

Қазақстан боксшылары жалпы командалық есепте Өзбекстанды басып озды
Бокс федерациясы

9 сәуір күні Моңғолия астанасы Ұланбатырда өткен бокстан Азия чемпионатының әйелдер арасындағы бәсекесі аяқталды. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы жалпы медаль кестесінде екінші орын алып, Өзбекстанды артта қалдырды.

Отандастарымыз турнирде екі алтын, бір күміс және екі қола медаль жеңіп алды. Ал Өзбекстан құрамасы алтын жүлдесіз қалып, екі күміс пен үш қола медальмен шектелді.

Қазақстанға алтын медальдарды Надежда Рябец (80 кг) пен Дина Исламбекова (+80 кг) әкелді. Рябец финалда өзбекстандық қарсыласын жеңсе, Исламбекова үндістандық боксшыдан басым түсті. Күміс жүлдені Бақыт Сейдіш (70 кг) иеленді. Ал Әйгерім Сәттібаева (48 кг) мен Валентина Хальзова (75 кг) қола медальға қол жеткізді.

Жалпы есепте бірінші орынды Үндістан құрамасы (4 алтын, 2 күміс, 4 қола) иеленсе, үшінші орын Қытайға (2 алтын, 0 күміс, 3 қола) бұйырды.

Айта кету керек, Қазақстан бұл жетістікке негізгі құрамсыз жетті. Ал Өзбекстан құрамасы көшбасшы боксшыларын алып келгенімен, күткен нәтижеге жете алмады.

Енді 10 сәуір күні өтетін ерлер финалында Қазақстан намысын бес боксшы қорғайды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам