Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Сабыржан Аққалықов финалда өзбек боксшысын ойсырата жеңді

Бүгін, 12:00

Осылайша, отандасымыз Азия чемпионы атанды

Сабыржан Аққалықов финалда өзбек боксшысын ойсырата жеңді
ҰОК

Ұлан-Баторда (Моңғолия) бокстан Азия чемпионатының финалдық жекпе-жектері жалғасуда.75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қазақстандық боксшы Сабыржан Аққалықов өзбекстандық Жавохир Абдурахимовпен алтын жүлдені сарапқа салды.

Жекпе-жектің алғашқы раундында Сабыржан төрешілердің есебі бойынша 4:1 нәтижесімен алға шықты. Екінші және үшінші раундтарда да айқын басымдық танытып, қарсыласына еш мүмкіндік бермеді. Нәтижесінде төрешілер бірауыздан (5:0) жеңісті Аққалықовқа берді.

Осылайша, отандасымыз Азия чемпионы атанды.

Айта кетейік, бұған дейін ол Астанада өткен әлем кубогы кезеңінде жеңімпаз атанып, Ливерпульдегі әлем чемпионатында алғашқы жекпе-жекте жеңілген болатын. Кейін Қазақстан чемпионатында топ жарып, IBA аясындағы әлем біріншілігінде финалға дейін жетті. Жартылай финалда өзбекстандық Фазлиддин Эркинбоев жарақатына байланысты жекпе-жекке шықпай қалған еді. Ал 2025 жылы Аққалықов Дубайда (БАӘ) өткен IBA әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанып, Қазақстан чемпионатында тағы да алтын медаль иеленді.

Сондай-ақ, бүгін ел құрамасы сапынан 8-жұпта Нұрбек Оралбай (85 келі) өзбекстандық Жасурбек Юлдошевпен шаршы алаңға шығады. Ал 10-жұпта Айбек Оралбай (+90 келі) қытайлық Данабек Байкенжемен қолғап түйістіреді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам