Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

IBF Жәнібек Әлімханұлын рейтингтен алып тастады

13.04.2026, 17:40

IBF орта салмақтағы боксшылардың жаңартылған рейтингін жариялады

IBF Жәнібек Әлімханұлын рейтингтен алып тастады
әлеуметтік желі

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) қазақстандық Жәнібек Әлімханұлына қатысты шешім шығарып, оны жаңартылған рейтингтен алып тастады. Бұл шешім допингке байланысты даудан және чемпиондық белбеуден айырылуынан кейін қабылданған.

IBF орта салмақтағы боксшылардың жаңартылған рейтингін жариялады. Аталған тізімде Әлімханұлының есімі жоқ. Сонымен қатар, қазіргі таңда бұл салмақта IBF тұжырымы бойынша чемпиондық атақ вакантты күйінде қалып отыр. Рейтингтің бірінші орны да бос.

Жаңартылған тізімде екінші орынға италиялық былғары қолғап шебері Этиноза Олиха көтерілсе, үшінші сатыға жеңіліп көрмеген ирландиялық Аарон Маккенна жайғасты.

11 наурызда Халықаралық бокс федерациясы (IBF) қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлын орта салмақтағы әлем чемпионы атағынан айырды.

Осы шешімнен кейін Әлімханұлы IBF-тің ұстанымына қатысты пікір білдіріп, өз көзқарасын ашық жеткізді.

Айта кетейік, ақпан айындағы жаңартылған рейтингте қазақстандық боксшы Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) тұжырымы бойынша чемпион мәртебесін сақтап қалды. Ұйым Жәнібектен белбеуді тартып алмағанымен, оны бір жылға дисквалификациялау туралы шешім қабылдаған.

Сондай-ақ, алдын ала мәліметтерге сәйкес, Әлімханұлы желтоқсан айында WBO нұсқасы бойынша титулдық жекпе-жек өткізуге ниетті.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам