Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Жәнібектен мықты екенімді сөзбен емес, іспен дәлелдегім келеді - Карлос Адамес

Бүгін, 10:30

Адамес Әлімханұлын жекпе-жекке шақырды

Жәнібектен мықты екенімді сөзбен емес, іспен дәлелдегім келеді - Карлос Адамес
Әлеуметтік желі

Орта салмақтағы WBC чемпионы Карлос Адамес қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жек өткізуге ниетті екенін мәлімдеді.

Шетелдік БАҚ мәліметінше, Адамес пен Әлімханұлы 2025 жылы орта салмақтағы үздік екі боксшы саналған. Алайда допинг дауына байланысты қазақстандық спортшының жекпе-жек өткізу мүмкіндігі шектеліп, бұл айқастың жақын арада өту ықтималдығы төмендеген. Соған қарамастан, доминикандық боксшы қарсыласымен рингте жолығуға әлі де үмітті.

Адаместің айтуынша, бұл кездесу ол үшін жай ғана титулдық жекпе-жек емес, жеке принципке айналған.

«Жәнібекпен арадағы жағдай мен үшін жеке сипатқа ие. Бұл жекпе-жектің өткенін шын жүректен қалаймын. Ол мүмкіндігінше тезірек ұйымдастырылуы керек деп есептеймін. Кез келген уақытта рингке шығуға дайынмын. Бұл айқас әлемдегі бокс жанкүйерлері үшін үлкен қызығушылық тудырады», – деді ол.

Сондай-ақ боксшы қарсыласының бұған дейінгі мәлімдемелеріне тоқталды.

«Бұл мен үшін жеке мәселе. Ол рингтен тыс жерде маған ауыртпалық әкелетінін айтқан. Енді соны ринг ішінде дәлелдесін деймін. Камера алдында айтып қою оңай, ал іс жүзінде көрсету басқа. Мен өзімді одан мықтымын деп есептеймін – күш жағынан да, бокс мәнері жағынан да. Сондықтан оның сөзін іспен дәлелдегенін көргім келеді», – деп түйіндеді Адамес.

Айта кетейік, Әлімханұлының дисквалификациясына байланысты ол алдағы бір жыл ішінде WBO тұжырымы бойынша чемпиондық белбеуін қорғай алмайды. Дегенмен сарапшылар бұл жекпе-жек әлі де орта салмақтағы ең күтілетін айқастардың бірі екенін атап өтуде.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам